Президент елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды.
Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының 19 қызметкері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін 6 қызметкер бар.