Абай облысының соты Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істі қарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот жасөспірімдердің ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жаза тағайындады.
Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғаның видеосы 24 ақпанда әлеуметтік желіде тарап кетті.
Кейінірек Семейде комиссия мектеп оқушысын жасөспірімдер соққыға жыққан оқиға бойынша шешім шығарды.
Сондай-ақ, қазақстандықтар соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жинап берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!