Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісі тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықта орналасқан", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпуі сезілген жоқ.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықта орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқыны:
- Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,
- Бішкек – 2,5 балл.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз