Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартты.
Осының алдында Ақ үй басшысы Дональд Трамп парсы елінің басшысына ядролық бағдарлама бойынша тікелей мәміле жүргізейік деген ұсыныспен ресми хат жолдаған болатын.
Алайда Иран президенті Масуд Пезешкиан бұл ұсыныстан бас тартқандарын мәлімдеді. Ол "Ресми Тегеран ешқашан келіссөздерден қашқан емес, ал кейінгі мәселелерге АҚШ-тың өз міндетін орындаудан жалтаруы себеп" деп жауап берген. Десе де, тараптар мәмілегерлер арқылы диалогты жалтастыруы мүмкін. 28 наурызда Трамп "Егер Иран АҚШ-пен ядрлық бағдарлама бойынша тіл табысуға ұмтылмаса, мұның салдары ауыр болады" деп сес көрсеткен еді. Осылай деген ол, Иранға ойлануға 2 ай берген болатын. Бірақ Тегеран жауапты көп кешіктірмеді.