ХАМАС Израильмен бітімге келу туралы Қатар мен Мысырдың ұсынысын қабылдады

Жобалар

ХАМАС Израильмен уақытша бітімге келу туралы Қатар мен Мысырдың ұсынысын қабылдады. Бұл туралы палестиналық қозғалыс басшысы Халиль әль-Хайя мәлімдеді. Ол Израиль де бұл бастаманы қолдайды деп сенетінін жеткізді.

Ұсынылған келісім бойынша Газа секторында 50 күнге дейін оқ атылмауы керек және 5 израильдік тұтқынды қамаудағы 50 палестиналыққа айырбастау көзделген. Сондай-ақ мәміле жаралы адамдарды тасымалдау және азық-түлік, дәрі-дәрмек пен ең мұқтаж заттарды жеткізу мақсатында анклав пен Мысыр арасындағы «Рафах» шекара бекетін ашуды қарастырады.