VIP нөмірлердің құны неше теңге?

Жобалар

VIP нөмірлер нарығы елді әлі де таңғалдырудан жалығар емес. Елдегі көлік иелері бір жылда қымбат нөмірлер үшін шамамен 16 миллиард теңге жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.

Үздік үштік:

– Алматы – 5 млрд теңгеге жуық.

– Астана – шамамен 2,5 млрд теңге.

– Шымкент – 2 млрд теңге.

Нөмірлердің құны олардағы сандар мен әріптердің бірегейлігіне тікелей байланысты:

– 010, 020, … 707 секілді қарапайым комбинациялар 57 АЕК тұрады.

– Сол сандар, бірақ бірдей әріптермен, мысалы, A010AA қымбатырақ – 114 АЕК.

– Танымал "дөңгелек" сандар (100, 111, … 999) 137 АЕК, ал қайталанатын әріптері болса 194 АЕК.

– 001, 002, … 777 секілді сирек кездесетін комбинациялар жоғары сұранысқа ие. Олардың бағасы 228 АЕК -ден басталады.

– Ең қымбаты — сирек комбинациялы бірдей әріптері бар нөмірлер. Олардың құны 285 АЕК-ке дейін жетеді.

Сондай-ақ, ең қымбат нөмірлер 001-ден 009-ға дейінгі сандарға тиеселі және олардың қатарында 777 нөмірі де бар. Мұндай эксклюзивті комбинациялардың құны 1 миллион 120 мың теңгеге дейін барады.

Салыстырмалы түрде алсақ, қарапайым нөмірді небәрі 2,8 АЕК – шамамен 10 мың теңгеге сатып алуға болады.

Соңғы екі жылда Шымкентте эксклюзивті комбинациясы бар нөмірлерге қызығушылық айтарлықтай артқан. Көлік иелері арасында қайталанатын сандары бар немесе бірегей комбинациялы сандары көп нөмірлер үлкен сұранысқа ие.

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 комбинациялары бар сандар:

– 2023 жылы – 1941 нөмер шықса, 2024 жылы 2481 нөмер қолданысқа берілген, өсім: +27,8 пайыз.

Егер мұндай сандар бірдей әріптерді қамтыса (мысалы, A020AA):

– 2023 жылы небәрі 13, 2024 жылы 26 нөмер көлік иелеріне табысталған, өсім: +100 пайызды құрайды.

"Дөңгелек" сандар (100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999):

– 2023 жылы – 583 нөмер шыққан болса, 2024 жылы 639 нөмер қолданысқа енген, өсім: +9,6 пайыз.

Бірдей әріптермен (мысалы, B111BB):

– 2023 жылы – 33, 2024 жылы 37 нөмер тіркеуге алынған, өсім: +12,1 пайызды құрап отыр.

Бірегей комбинациялар (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777):

– 2023 жылы — 359, 2024 жылы 482 нөмер шыққан, өсім: +34,3 пайыз.

– Қазақстандағы кез келген көлік иесі сандар мен әріптердің әдемі үйлесімі бар "сұранысы жоғары" деп аталатын нөмірді таңдай алады. Қажетті нөмір мемлекеттік корпорацияның филиалында болмаған жағдайда, оған мемлекеттік корпорация арқылы немесе онлайн, электронды үкімет порталы арқылы тапсырыс беруге болады. Қолжетімді нөмірлер туралы ақпаратты тікелей Халыққа қызмет көрсету орталығында көруге немесе онлайн сұрауға мүмкіндік қарастырылған. Таңдалған нөмірмен автокөлікті тіркеу нөмірдің өзі шығарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Әзірге мұндай нөмірлерді алу ережелерінде ешқандай өзгерістер күтіліп отырған жоқ, – делінген ҚР ІІМ түсіндірмесінде.