Мьянмада жер сілкінісі құрбандарының саны 700 адамға жуықтады, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 1700-дей тұрғын жарақат алған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып, CNN басылымы хабаралайды. Кеше мұнда жер сілкініп, магнитудасы 7,7-ге дейін жеткен. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жергілікті билік әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Осы ретте Еуроодақ 2,5 миллион еуро бөлді. Мьянмамен көршілес Таиландта да табиғат апатынан 10 адам көз жұмды. 100-ден астамы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел астанасы Бангкокта төтенше жағдай жарияланды Мұнда салынып жатқан 30 қабаттық ғимарат опырылып құлаған. Үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін. Жерасты дүмпулері Таиланд пен Мьянмадан бөлек Бангладеш, Үндістан, Лаос пен Қытайда да сезілді.