0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Ал Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Құлсары қаласы мен Жылыой ауданының су тасқынына дайындығын тексерді. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қазіргі жағдай туралы баяндап, қалада ахуал тұрақты екенін мәлімдеді. Ұзындығы 212 шақырымға созылған Жем өзенінің жағалауында 65 шақырымдық қорғаныс бөгеттері салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына 136 техника жұмылдырылған. Қанат Бозымбаев су басу қаупі бар Жем және Қараарна ауылдарындағы жағалауды бекіту жұмыстарымен де танысты. Ал Ақтөбе облысында Байғанин мен Ойыл аудандарындағы өзендерде жүргізіліп жатқан тазарту және тереңдету жұмыстарын тексерді. Қызылқоға ауданында Сағыз, Ноғайты және Ойыл өзендерінің тасқынын болдырмау үшін бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылған. Вице-премьер аймақ әкімдіктеріне төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шараларды жалғастыру және халықты тұрақты түрде ақпараттандыруды тапсырды.
Серік Жұмабек