Атырауда Қазақстан Туына қатысты даулы суретке түскендер анықталды. Соталды тергеу басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау Полиция департаменті мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған суретке қатысты мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Суреттегі төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", — деп жазылған департамент хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалағандардың суреті тарады. Олар Сауд Арабиясы туының элементтері бар Қазақстан Туын ұстап тұрғаны көрінеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз