120 пәтер пайдалануға берілді

Жобалар

Орал қаласының жаңадан салынып жатқан Ақжайық шағын ауданында 120 пәтерлік үй пайдалануға берілді.

Наурыз мерекесі қарсаңын­да баспаналы болған тұрғындарға пәтер кілтін Батыс Қазақстан облысының әкімі На­риман Төреғалиев табыс етті. Өңір басшысы қоныстой иелерін мерекемен құттықтап, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған негізгі міндеттің бірі екенін атап өтті.

Облыс әкімі баспасөз қыз­метінің дерегінше, 2024 жылы Орал қаласында бюджет есебінен 628 пәтерлік бес көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. Сонымен бірге ауылдық жерлерде 805 тұрғын үй сатып алынып, тұр­ғындарға табысталған. Оған қоса былтырғы су тасқынынан зар­дап шеккендер үшін 900 үй жаңа­дан салынып, 2 мың­нан астам пәтер сатып алып берілген.

Н.Төреғалиев биыл облыс­та 19 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталатынын, бұл тағы 950 отбасыны баспанамен қамтамасыз ететінін айтты. Бұдан бөлек, республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 205 пәтер сатып алу көзделіп отыр.

– Бүгін «Ақжайық» шағын ауданында 120 пәтерлік жаңа үйді пайдалануға беріп жатыр­мыз. Бұл Наурыз мейрамы қар­саңында жерлестеріміз үшін үлкен қуаныш. Мұнда барлығы 25 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның сегізінің құрылысы аяқ­талды. Жалпы, жыл соңына де­йін бюджет қаражаты есебі­нен 1500-ден астам пәтер пай­далануға беріледі. Сондай-ақ үй­лері қауіпті деп танылған тұр­ғындарға 180 пәтер сатып аламыз, – деді Н.Төреғалиев.

Орал қаласының күнба­ты­сын­­да бой көтеріп жат­қан «Ақ­жа­­йық» шағын ауданы қар­қын­­ды да­мып келеді. Мұнда білім беру, ден­саулық сақтау, мә­де­­ниет, спорт нысандарын салу да жос­парланған. 2024 жыл­­дың соңында 150 орын­дық заманауи оңалту орта­лығы пай­далануға берілді. Бола­шақ­та да халықтың өмір сапасын арт­тыруға бағытталған жаңа әлеу­меттік маңызы бар ны­сан­дар­дың құрылысы қолға алын­бақ. Таяуда жаңа шағын аудан­ды қала­ның өзге бөлігімен жал­ғай­тын жаңа автобус бағыты іске қо­сыл­ды.

Батыс Қазақстан облысы