Сырқаттанып қалсаңыз жұмыс беруші қандай өтемақы төлеуге міндетті

Жобалар

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басқарма басшысы Талант Ермановтың айтуынша, жұмысқа жарамсыздық парағы негізінде жұмыс беруші қызметкерге уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысын төлеуге міндетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еңбек кодексіне сәйкес, егер қызметкер сырқатына байланысты жұмысын атқара алмаса, оның табысының бір бөлігі әлеуметтік жәрдемақы түрінде жұмыс берушінің қаражаты есебінен өтеледі.

Жәрдемақыны алу тәртібі:

— Қызметкер медициналық ұйымнан еңбекке жарамсыздық парағын алады

— Парақ жабылғаннан кейін бухгалтерияға ұсынылады

— Жәрдемақы орташа күндік жалақыға негізделіп есептеледі

— Төлем мөлшері айына 25 АЕК-тен (98 300 теңге) аспайды

Қызметкердің жалақысы мен сырқат күндерінің санына қарай нақты төлем сомасы есептеледі. Бұл ереже уақытша еңбекке жарамсыз қалған жұмысшылардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.