0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Газа секторының солтүстігінде жүздеген адам шеруге шығып, «Хамасқа» биліктен кету туралы талап қойды. Палестиналық анклавта мұндай акциялар өте сирек өтеді. Наурыздың 18-де Израиль армиясы Газаны қайта бомбалап, жаяу әскер операциясына кірісті. Содан бері 700-ге жуық палестиналық қаза тапқан. Құрбандардың көбі әйелдер, балалар мен қарттар. Осы шабуылдардан Газаның солтүстігі көп зардап шекті, ғимараттардың басым бөлігі қирап, жергілікті халық үйлерін бірнеше рет тастап кеткен.
Арыстан Рысбек