Түркияда наразылық кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ өкілі жауап берді

Жобалар

Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин Түркиядағы наразылық кезінде зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ең бастысы, ол жақта зардап шеккендер жоқ, себебі Сыртқы істер министрлігі, Бас консулдық және Анкарадағы елшілігіміз белсенді жұмыс атқарды. Стамбулда, Измирде, Анталияда біздің бас консулдығымыз бар — барлығы наразылық бастала сала белсенді жұмыс жүргізді. Біз азаматтарымызға, ол жақта жүрген студенттер мен туристерге адам көп жиналатын жерлерге, наразылық жүріп жатқан орындарға бармауды бірден ескерттік", — деді Ақан Рахметуллин.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандықтар сақтық шараларын есте ұстауы керек.

"Мен қазір бармау керек деп айтпас едім, бірақ, әрине, Сыртқы істер министрлігінің атынан емес, өз атымнан айтар болсам, біраз уақыт күткен дұрыс болады", — деп кеңес берді ол.