Дональд Трамп әкімшілігі 500 мыңнан аса адамды заңды мигрант мәртебесінен айырады.
2022 жылдан бері Куба, Гаити, Никарагуа мен Венесуэла азаматтарына Америкада уақытша тұрып, жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама бар болатын. Бірақ Ақ үй әкімшілігі оны жауып тастады. Енді заңды мигранттар АҚШ аумағында жүруіне рұқсат беретін құжаттың мерзімі аяқталмаса да, 24 сәуірге дейін елден кетуі тиіс. Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бірден көші-қон ережелерін қатаңдатты. Бұл ретте құқық қорғау органдарының өкілеттігі кеңейтіліп, оларға заңсыз мигранттарды жедел депортациялауға мүмкіндік берілді.