Наурыз мейрамының басты символы — наурыз көже. Ол - жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам. Биыл наурыз көженің құрамы қанша теңге тұратыны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады. Онда тағамға қосылатын негізгі өнімдердің бағасы көрсетілген.
- 1 литр айранның орташа бағасы — (2,5%) 446 теңге.
- Бұл тағамда қолданылатын тағы бір маңызды өнім – сүт (2,5%), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең.
- Арпа жармасының бір келісі — орташа есеппен 399 теңге, еліміз бойынша оның ең төменгі бағасы Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген.
- Күрішке келетін болсақ, оның орташа бағасы — келісіне 639 теңге, ең арзан баға Шымкентте тіркелген: 535 теңге.
- Тағы бір маңызды ингредиенттің бірі – жылқы еті, оның бір келісі — шамамен 3098 теңге.
- Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы — 76 теңге/келісіне.
- Сондай-ақ тағамға құрт қосылады, ал аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін.
gov.kz
Еске салайық, бұған дейін тарихшы наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіндірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!