Жаңбыр және қар: Қазақстанда 21 наурызда күн райы күрт бұзылады

Жобалар

Ертең, 21 наурызда Қазақстанның біршама бөлігінде күн күрт ббұзылып, жауын жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күтіледі.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік өңірде көктайғақ түрінде ортақ табиғи құбылыстар көрінісі күтіледі", деп болжанады.

Ал гидрологиялық болжамға келетін болсақ, алдағы тәулікте оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде температуралық фонның жоғарылауына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалады.

"Шығыс өзендері мен жазықтарында жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі, қызыл судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі", — деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.