Алматыда полиция тұрғындарды сигналдық және атуға жарамсыз қаруды тапсыруға шақырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қару айналымына бақылауды күшейту аясында заңнамаға өзгерістер енгізілді.
"ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының талаптарына сәйкес сигналдық және бос қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және өткізу үшін жауапкершілік енгізілді. Осыған орай азаматтар қолданыстағы заңға сәйкес тіркелмеген барлық сигналдық және бос қаруын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруға тиіс, — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның әр өңірінде қару жасырылған орындар табылды.
Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркілеген. Кейінгі үш жылда 8 541 қару, сондай-ақ, 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі тәркіленді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз