Қайғылы оқиға: Астанада көпқабатты тұрғын үйден жас жігіт құлап, қаза тапты

Жобалар

Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде 22 жастағы жігіттің қайғылы жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Қалалық Полиция департаменті оқиға орнынан мәйіттің табылғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қалада 22 жастағы тұрғынның денесі табылуына байланысты тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, марқұм көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Оқиғаның нақты себебі мен басқа да жайттар тергеу барысында белгілі болмақ.