0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Оңтүстік кореялық жойғыш ұшақ абайсызда Солтүстік Кореямен шекарадағы адамдар тұратын ауданға 8 бомба тастады. Оқиға жаттығу кезінде болған. Әуе бомбаларының тек біреуі жарылып, одан 7 адам жараланды. Снарядтардан тұрғын үйлерге, жергілікті ғибадатханаға зақым келген. Болған оқиғаны тергеу үшін комитет құрылды. Зардап шеккендерге келген шығын толықтай өтеледі.
Арай Төлегенқызы