Шымкентте Наурызнаманың тұжырымдамасы аясында ұлттық ойындар ұлықталды, деп хабарлайды 24kz.
Атқа мінген алғырлар теңге ілуден кіл мықтыны анықтап, аударыспақ пен командалық көкпардан жарыс жолына шықты.
Сонымен қатар дәстүрлі қыз қуу дәріптеліп, ойын көрігі қызып жатыр.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спорт түрлері де ұмыт қалған жоқ. Біз қазір елдегі ең үлкен бәйге алаңы бар ипподромнан сөз алдық. Мұнда ат үстіндегі дәстүрлі ойындар мен төл мәдениетіміз ұлықталып жатыр. Өнерпаздардың қатысуымен іс-шараның ашылу салтанаты өткізіліп, мерекенің мерейі асқақтады.
Тұрғындар да таң атысымен ат спортын тамашалауға ағылды. Олар ұлттық киімдердің заманауи үлгілерін арнайы киіп, спортшыларға барынша қолдау көрсетіп жатыр. Бүгін «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Көкпар» мен түрлі кедергіден атпен секіру сияқты асыл мұралар насихатталуда. Көшпелі жұрттың баға жетпес этномәдени байлығы дәріптелуде. Сонымен қатар жер-жерден жиналған білекті де жүректі жігіттер жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, ұлттық ойындардың көрігін қыздырды. Дүбірлі дода тартыстардың әділ өтуін төрешілер тарапы мұқият бақылап отыр. Жекелеген жарыс пен командалық сайыстарда кіл мықтылар түске дейін белгілі болады. Осы ретте менің қасымда ұйымдастыру алқасының өкілі Талапбек Қыпшақбаев ойындардың ережесімен таныстыруға дайын тұр. Айтыңызшы, сайыстардың өткізілу тәртібі қандай?
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Бүгінгі күннің басты додасы бейгеден ел біріншілігі болмақ. Түс ауа көпшіліктің асыға күткен Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтереді.