"12 қазанға бөліп пісірген": Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалды (видео)

Жобалар

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні мен туризм маусымының ашылуына орай 2,5 тонна наурыз көже дайындалды, деп хабарлайды 24KZ.

Ұлттық тағамды әзірлеушілердің айтуынша, 2,5 тонна көжені дайындауға 24 сағат кеткен. Оны сыйымдылығы 250-300 литрлік 12 қазанға бөліп пісірген. Ал Наурыз көжеге 250 келі ет пен 1 тонна дәнді дақыл қосылған.

"Негізі наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Біз бірақ дәмі ерекше болуы үшін сегізінші дәм ретінде құрт малтасын қостық", — дейді аспаздар.

Ұйымдастырушылардың бірі Айгерім Наматова 2,5 тонна наурыз көжені әзірлеу оңай болмағанын айтады.

"Ұйықтамауың бар, еңбегің бар оңай емес. Бірақ мұны махаббатпен, сүйіспеншілікпен және тарихи сәтке үлесімізді қосып жатырмыз деген қуанышпен жасағандықтан қатты қиын болмады", -дейді ол.

Ал тұрғындар наурыз көже ерекеше дәмді боланын айтады.

"Дәмі өте керемет екен. Ерекшелігі ішіне қазы, ет қосылған. Жақсы деңгейде дайындапты. Ақ мол болсын. Осы дәстүр жылдан-жылға жалғаса берсін", — дейді Сайрам ауданының тұрғыны Бекзат Саметов.