Қазыбек Иса: «Ұлттық дамудың негізі – ұлттық идеологияда»

Жобалар

– Елімізді жаңа дәуірге бастаған іргелі өзгерістер, салиқалы саяси реформа мемлекеттің іргесін бекемдеп, қарқынды дамуы үшін ең алдымен бірегей ұлтқа бастайтын бірлік , ырысқа жеткізетін ынтымақ керек. Тәуелсіздіктің Көк туы көкте мәңгі желбірей беруі үшін бәріміз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз, – деді Қ.Иса.

Бұл туралы ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысында айтты.