Қарағанды облысында 800 отбасы мереке қарсаңында баспаналы болады

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қарағанды облысында мереке қарсаңында 800-ге жуық отбасыға пәтер кілті табысталмақ. Нұра ауданында 400, Саран қаласында 110 отбасы бүгінде баспана кілтін алып, қоныс тойын тойлауда. Балқаш қаласында қайырымдылық күні аясында көп балалы аналарға, аз қамтылған жанұяларға және мүгедектігі бар адамдарға 15 жаңа пәтер берілді. Ал алдағы уақытта өңір орталығында тағы 200, Бұқар жырау ауданында 100-ге жуық баспана табысталмақ. Қоныс тойын тойлап жатқан отбасылар қатарында 15 жылдан бері үй кезегінде тұрғандар бар.

Гауһар Кәкенова, Саран қаласының тұрғыны:

Үйге ештеңе жасап керек емес. Бәрі бар. Өте қуаныштымын. Күттік. Берілді. наурыз мерекесі қарсаңында осылай үй алып жатырмыз. Өзге де кілтін алған жандарға айтарым, үйлері жылулыққа толы болсын. Бәріне сәттілік тілеймін.

Жандос Бақытұлы