«Қыздардың етегін ашып отыр»: Белгілі әнші Назгүл мен Құндыздың асыраушысына шүйлікті

Жобалар

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Назгүл мен Құндыздың жағдайына алаңдаулы екенін алға тартып, пост жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Талай жылдар бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың «он екіде бір гүлі ашылмай» қойды-ау. Өткен жолы Руслан Өтепбай осыларға арнайы барып, жағдайларын сұрап, «арықтап кетіпсіңдер» деп алаңдаушылық білдірген. Сұхбат барысында мынау әйел (суреттегі кісі), ұнамады маған… Суайт сияқты көрінді. Руслан да қоймай, алай да, бұлай да сұрады негізі қыздардан. Енді, міне, «здрасьте», ашық түрде бойжеткен қыздардың етегін ашып, дарақыланып, құпиясын шашып отыр дүйім жұрттың алдында…. Не айтамыз?», – деп жазды Меруер Түсіпбаева.

Айта кетейік, Назгүл мен Құндыз жылдар бойы құлдықта болып, кейін одан құтқарылған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)