Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Жобалар

Путин мен Трамптың телефон арқылы әңгімесі екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Ақ үйдің ресми өкілі "келіссөз жақсы жүріп жатқанын" хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақ үй аппаратының өкілі Дэн Скавиноның Х әлеуметтік желісіндегі ресми ақпаратына сай, екі ел көшбасшысының әңгімесі Астана уақытымен 19:00-де басталған. Сәйкесінше, әңгіме бір жарым сағатқа созылған.

"Келіссөз жалғасып жатыр, жақсы жүріп жатыр, — деп жазды АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Дэн Скавино X.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы не туралы сөйлескенін баяндады. Ол Truth Social желісіндегі парақшасында Путинмен арадағы әңгіме қалай өрбігенін айтып берген болатын.