Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісімен кездесті

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті. Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады. Мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне де назар аударды. Ерлан Қарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты. Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет театрының "Лазги. Жан мен махаббат биі" атты қойылымын тамашалады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Халықаралық шаралар аясында суретші Орал Таңсықбаевтың кескіндемелік және графикалық жұмыстарының көрмесі де ұйымдастырылды.

Қуан Нұрақын