0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда ұлттың болмысы мен жаһандық дамудың жаңашылдықтары айтылды. Енді алдағы уақытта осы бағыттар бойынша біраз жұмыс атқарылмақ. Ономастика бойынша мәселелер де көтерілген еді. Оған қатысты кей азаматтардың пікірін білдік.
Қарағанды
Қалқатай Қалиева, кітапханашы:
Бізде қазір қалаларда, аудандарда, ауылдарда өзгертілмеген көше атаулары өте көп. Оны кейбіреулер аталарының атына өзгертуді қалайды. Бұл дұрыс емес.
Ақтау
Олжас Омарұлы, мәдениеттанушы:
Ұлттық болмысымызды айқындайтын фильмдердің түсірілуі, ұлттық нақыштағы киімдердің толықтай қоғамдық көрініс беруі жайында аса маңызды ойлар айтылды. Культивизация жасауымыз керек, ешкімді күтіп отырмай насихаттауымыз керек. Өйткені, бұл жаһандану заманындағы аса маңызды бір аспектілер.
Атырау
Саламат Ыдырысов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы, ректор:
Цифрландыру мен жасанды интеллектінің осы еліміздегі дамуын басты назарды ұстайтынын Президент тағы да айтты. Біз қаласақ та қаламасақ та жасанды интеллект өмірімізге барлық салада еніп жатыр. Біздің мақсатымыз — одан қашпай, оны тез жастардың игеріп, оны болашақта елдің экономикасының дамуына, білім-ғылымның дамуына дұрыс пайдалана білуіміз керек.
Жандос Бақытұлы