МӘМС жыры: Министрліктің негізгі ұсыныстары қандай?

Жобалар

Мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты заң жобасы жұмысқа алынып, қарастырылып жатыр. Енді арнайы жұмыс тобы құрылып, жан-жақты талқылау басталады.

Бұл ұсыныстар дәл осы күйінде қабылданады деп айтуға болмайды – алда үлкен жұмыс пен пікірталастар бар. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Министрліктің ұсыныстары:

ГОБМП көлемін қысқарту, МӘМС үлесін арттыру. 2027 жылға қарай мемлекеттік тегін медициналық көмек (ГОБМП) 57%-дан 32%-ға дейін қысқаруы, ал МӘМС пакеті 68%-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл ұсыныс азаматтардың тегін медициналық көмек алуына қалай әсер етеді? Бұл сұрақ әлі де талқылануы қажет. Конституцияда бекітілген құқықтарды сақтау маңызды.

МӘМС жарналарының жоғарғы шегі артады. Табысынан аударылатын жарнаның жоғарғы шегін 10 ЕТЖ-дан 50 ЕТЖ-ға дейін көтеру ұсынылуда. Бұл МӘМС қорының кірісін 234 млрд теңгеге дейін арттыру мүмкіндігін береді деп күтілуде. Бірақ азаматтар мен бизнестің жүктемесі қандай болмақ? Жұмыс берушілерге түсетін қаржылық салмақ та ескерілуі қажет. Олар көлеңкелі экономикаға кетіп қалмауы маңызды.

1,2 млн сақтандырылмаған азаматты қамту. Жергілікті бюджет есебінен сақтандырылмаған азаматтар үшін жарна төлеу ұсынылып отыр. Бұл әлеуметтік әділдік тұрғысынан маңызды қадам, бірақ оның қаржылық тұрақтылығы мен ресурстардың жеткіліктілігі қалай қамтамасыз етіледі? Ол үшін жергілікті бюджеттерде қаражат қарастырылған ба?

Жақын күндері заң жобасының ресми таныстырылымы өтеді.

«Басты міндет – халықтың мүддесін қорғау. Денсаулық сақтау министрлігімен конструктивті қарым-қатынасымыз бар. Ортақ әрі тиімді шешімдерге келеміз деп санаймын. Әр норма жан-жақты сарапталып, азаматтардың, дәрігерлердің, жұмыс берушілер мен сарапшылардың пікірі ескерілуі тиіс», — деп жазды мәжілісмен.