«Бала тәрбиесіне қатысты біртұтас бағдарламаның болуы өскелең ұрпақ бойына отаншылдық, білімге талпыныс секілді жақсы қасиеттерді қалыптастырады». Маңғыстаулықтар осындай пікірде.
Аймақ жұртшылығы Ұлттық құрылтайда Президенттің «озық ойлы ұрпақ өсіру үшін қоғамда білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек» деген сөзін қолдайды. Көпшілік балалардың қатысуымен болатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы бағдарлама қажет деген пікріде.
Сауалнама:
- Бүгінде әлеуметтік желіге бесіктен белі шықпай жатып, кірген көп жастың ертеңгі бойына құндылық сіңбегеннен кейін ертеңгі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, тиранға айналып кетуі мүмкін жағдай. Бұл өте қауіпті қоғам үшін. Сондықтан құрылтайда айтылған құндылық мәселесі өте өзекті деп санаймын.
- Баланы туғаннан бастап әртүрлі орган тәрбие береді. Білім береді. Яғни шашыраңқы түрде. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін, рухани патриотизмді ояту үшін қазіргі жастардың бойында бірізді жүйе керек. Яғни «Қазақстан балалары» сияқты бір жоба керек.
- Осы тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан астам уақыт болса да, мынадай бағдарлама бұрын-соңды болмаған. Өздеріңіз де білесіздер, бұл бағдарлама енсе, өте жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.