Соңғы 6 жылда жаңадан 1200 мектеп салынды

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Соңғы 6 жылда 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл 32 апатты, 71 үш ауысымды және 200 мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешті. Биыл заманауи үлгідегі 112 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Білім шаңырақтары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Былтыр жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашты. Олардың 40% ауылдық жерлерде орналасқан. Келесі қадамдардың бірі мектеп инфрақұрылымдарын бірыңғай форматқа келтіру болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1300-ге жуық мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Оның ішінде 900 ауыл мектебі бар. Бұл жоба үш жылға жоспарланған және тоғыз басты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Оның аясында мектептердің шатырлары ауыстырылады, сыртқы қасбеттері мен терезелері жаңартылады, инженерлік коммуникация желілері күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ мектеп аумағы абаттандырылып, көгалдандырылады.

Самал Қабышева