«Көрісу күнін» биыл тұтас Қазақстан тойлады

Жобалар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Маңғыстау жеріндегі Отпантауда «Бірлік оты» жағылды. Сөйтіп 14-і — Амал күнінен бастап елімізде Наурызнама онкүндігі басталып кетті. Бүгін мысалы, Шаңырақ күні.

Әз Наурыздың бастауы – Амал келгенде амандық білу – көне заманнан келе жатқан дәстүр. Шуақты күндерге жеткен ағайын бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем береді, қариялар батасын жаудырады. Дәл осы сәлем беріп, бата алу сондай бір жағымды, сондай бір мағыналы және жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін салтымыз.

Амалдан басталатын Наурыз мерекесінің мақсаты – адамдардың бір-біріне өкпе-ренішін ұмытып кешіруі, ағайынның ынтымақ-бірлігін нығайту, Күн ұзаратын жаңа кезеңнен берекелі тіршілік тілеу.

Бұл табиғатпен бірге оянатын шақ. Жаның шуаққа бөленіп, «қой, езіліп жүре бермейін» деп жігерленетін шақ. Амангелді Сейітхан жалғастырады.