0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды... Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген...
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Амал мерекесімен құттықтап, аз-кем саяси реформалар барысына тоқталған соң, мысалы, биыл аудан әкімдерін тұрғындар тікелей сайлайды, Президент күн тәртібіндегі бірінші мәселеге тоқталды. Салық саясатына.
Демек қосылған құн салығын заңмен бекітетін күн жақын. Ал экономикада не істеліп жатыр?- деген сауалдарға байланысты ірі жобаларды санамалады. Сосын әсіресе, Торғай жұртын елең еткізген жаңалық айтты:
Шеткері жатқан елдімекендердің ахуалы стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне тоқталып, Amanat партиясының шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдау ұсынысын Үкіметке қарастыруды тапсырды.
Тағы бір жаңалық: елімізге бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп, Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдаған.
Данияр Қайыртай Ұлттық құрылтайда сөз болған руханият әлеміне қатысты пікірдің бірсыпырасына тоқталады.