Тараздағы зауыттардың бірінде өрт шықты

Жобалар

Бүгін таңертең Тараз қаласында орналасқан зауыттардың бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зауыттағы электр трансформаторы өртенген. 60 шаршы метр аумағы отқа оранды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында, яғни ауа-механикалық көбікті қолдана отырып, өрт одан әрі жайылмай, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.