Терезе жуып жатқан: Алматыда әйел 10-қабаттан құлап, көз жұмды

Қосшы

Алматы облысын Бесағаш ауылында қайғылы жағдай орын алды. 10-қабаттағы пәтерінің терезесін жуып жатқан әйел абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның жазуынща, Бесағаш ауылында әйел адам жоғары қабаттан құлап, көз жұмған.

"Полиция таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 15 наурызда болған. 41 жастағы әйел адам терезе жуып жатып, абайсызда 10-қабаттан құлаған. Өкіншке қарай, әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның барлық себебі анықталып жатыр", — делінген ақпаратта.