Алматы облысындағы дөңгелек зауытында алапат өрт орын алды

Қосшы

Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылы маңында орналасқан дөңгелек зауыт отқа оранды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған кадрларға қарағанда, резина өте қарқынды жанып жатыр. Оқиға орнында қою қара түтін түзіліп, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға тырысып жүр.

"Өртті сөндіру жоғары температура мен үлкен өрт жүктемесіне байланысты қиындық туғызуда," – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқарып жүр.

Ол Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іс-сапармен келген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!