Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағанды облысындағы оқу-жаттығу шаралары кезінде полиция қызметкері қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда", — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.