« Spotify » платформасы жасанды интеллект дыбыстаған аудиокітаптарды жариялай бастады.
Жасанды интеллект 29 түрлі тілде кітаптарды дауыстап оқи алады. Авторлар өз еңбектерін «ElevenLabs» арқылы дыбыстап, «Spotify Findaway Voices» қызметі арқылы жүктеуіне болады. Дегенмен жаңа жүйе пікірталас тудырды. Сарапшылар ЖИ ешқашан кәсіби дубляж актёрлерінің дауысы мен эмоциясын алмастыра алмайды деген пікірде. Бұған дейін «Sanas» технологиясы адамның сөйлеу мәнерін өзгертіп, дыбыстың табиғи ерекшеліктерін сақтай отырып өңдей алатыны туралы зерттеулер жариялаған еді. Яғни жасанды интеллект тек мәтінді дыбыстаумен шектелмей, адамның өзіндік дауысы мен интонациясын қайталай алатын деңгейге жете алады.