Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

Қосшы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бүгіннен бастап, ел аумағында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы былтыр Президенттің бастамасымен қолға алынған еді.

Сонымен бүгін наурызнаманың алғашқы күні — Амал мерекесі, яғни көрісу күні. Қыстан қысылмай, аман-есен шыққан адамдар бір-бірімен қауышып, жылы лебізін білдіреді. Ал ертең — мейірімділік пен татулық насихатталатын қайырымдылық күні. Бұл күні мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсету игі дәстүр.16 наурыз – мәдениетіміз бен ұлттық салт-дәстүр ұлықталатын күн. 17 наурыз – отбасы құндылықтары насихатталатын, Шаңырақ күні. Ал, 18 наурыз – Ұлттық киіміміз дәріптеледі.

19 наурыз – Жаңару күні. Көпшілікке көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурызда қазақтың ұлттық спорт түрлері ұлықталып, түрлі жарыс өтеді. 21 наурызда халық арасында татулық пен бірлік насихатталады. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні — күн мен түң теңеліп жаңа жыл басталады. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы – Тазару күні. Бұл күні Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Асылбек Данияр