Депутаттар археологиялық қызметті реттейтін заң жобасын ұсынды

Қосшы

Археология саласына арнайы заң қажет. Ұлттық құрылтай аясында айтылған маңызды мәселенің бірі осы болды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл бағытта Парламент депутаттары тарихи археологиялық құндылықтарды сақтау, қазба жұмыстарындағы жөнсіздіктерге де алаңдаушылық білдірді. Бастама бар. Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін археологиялық қызметті ретке келтіру қажет. Салада олқылық көп. Атырауда өткен құрылтайда Президент соңғы 20 жылда еліміздегі құнды жәдігерлер мен ескерткіштердің тоналғанын айтып, археология саласындағы өзекті мәселені көтерген болатын. Сондықтан саланы реттейтін арнайы құжат қарауға алынды.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Археологиялық құнды, ұлттық мұрамыз болып табылатын дүниелерді кез келген адам келіп қазып, оны шетелге де алып кетіп, оның ешқандай бақылауы да жоқ. Кадастры да жоқ, басқасы да жоқ. Сол туралы депутаттар өзі бастамашы болып, біздің тарихшылармен, археологтармен отырып келісіп, осындай заң жобасын ұсынып отырмыз.