Дастархан жайюдың түрлі әдістері бар, бірақ басты қағидалар – үйлесімді стиль мен жарқын бөлшектер. Massaget.kz тілшісі дастарханды үй жағдайында тез әрі әдемі безендірудің лайфхактарымен бөліседі.
Үстел жапқышын пайдаланыңыз
Мата жолақ түріндегі дастарханды бойлай немесе көлденеңінен жаюға болады, бұл қонақтардың орындарын белгілеуге көмектеседі. Оны сәл салғырттау етіп орналастырып, қосымша гүлдер немесе жарық гирляндалармен безендіруге болады. Түсіне сәйкес мата майлықтар немесе атлас ленталар таңдап, олармен құрал-саймандарды және бокал аяқтарын сәндеуге болады.
Молшылық әсерін жасаңыз
Үстелге зәйтүн, лимон тілімдері, ірімшік және шие қызанақ салынған табақтар қойыңыз. Бұл үстелді әдемі әрі тартымды етіп көрсетіп, молшылық сезімін береді, тіпті тағамдар көп болмаса да. Сондай-ақ, шағын ыдыстарды науаға орналастыруға болады – бұл дастарханды қоқыс пен дақтардан қорғайды, әрі ыдыстарды жинау да оңай болады. Кішкентай үстелде орын үнемдеу үшін көпдеңгейлі табақшалар қолданыңыз немесе ас үстелінің жанына шағын сервистік үстел қойыңыз – оған жемістер мен десерттерді орналастыруға болады.
Үстелдің ортасына ерекше композиция жасаңыз
Композиция жасау үшін гүлдер, кішкентай шамдар, тастар немесе жемістерді пайдалануға болады. Басты ереже – декор биік әрі кең болмауы керек, әйтпесе қонақтардың бір-бірін көруіне кедергі келтіреді.
Кей елдерде гүлді жай ғана сатып алу әдеті жоқ, алайда олар үйге жайлылық пен жылулық сыйлайды. Егер үнемі тірі гүлдерді жаңартуға мүмкіндік немесе ниет болмаса, құрғақ гүлдерді қолдануға болады. Мұндай композициялар үш жылға дейін сақталады, ал оларды жарты жылда бір рет ауыстырып отыруға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!