Қызылорда облысындағы Келінтөбе каналына су тоспасы салынады

Қосшы

Қызылорда облысындағы Келінтөбе магистральды су арнасына тоспа салынады, деп хабарлайды 24kz.

Гидроқұрылғы Сырдария өзенінен көлетін су деңгейін реттеу үшін керек. Былтыр 30 мың гектар алқапты тіршілік нәрімен қамтыған Келінтөбе каналы 6 шақырымға дейін ұзартылған еді. Бұл жобаның арқасында егінге берілетін су көлемі секундына 10 текше метрге дейін көбейді. Мамандар биыл ауданда 35 мың гектарға дәнді дақыл себуді жоспарлап отыр. Оның 7300 гектарына күріш егіледі. «Жаңа гидроқондырғы егіннен бөлек, су тасқынының алдын алу үшін де маңызды», — дейді мамандар.

Талғат Зейдалиев, Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Төтенше жағдай орын алған жағдайда су тасқыны болған кезде ол жерде су өзінің өлшемімен жіберілетін болады. Егер осы су тоспасы орнатылмаса, ол жерде су алу процесі орын алуы мүмкін. Енді құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың аяғына дейін жемісін береді.