Алматыда Құрманғазы көшесі жартылай жабылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 наурызда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Құрманғазы көшесінде, Достық даңғылынан Пушкин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы қиындайды.
"Уақытша шектеулер жылу желілерінің үстіндегі тасжолды жөндеу мақсатында енгізіледі. Бұл ақауды мамандар анықтаған, ал жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді", — деп жазылған хабарламада.
"Алматы жылу желілері" ЖШС уақытша қолайсыздық үшін халықтан түсіністікпен қарауды сұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз