0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Американың ресми делегациясы Украинадағы атысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Мәскеуге аттанды. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдеді. Бұған дейін Киев Сауд Арабиясында өткен келіссөздер нәтижесінде атысты 30 күнге доғаруға келісті. Трамп ескерткендей, бұл ымыраны Ресей қабылдамаса оған қарсы жойқын санкция жарияламақ.
Кремль хабарлағандай, бітім жобасын Мәскеу қазір зерттеп жатыр. Дегенмен, «Reuters», «Bloomberg» және «Associated Press» агенттіктерінің мәліметінше, президент Владимир Путин Құрама Штаттар Украинаны қаруландыруды тоқтатып, бұл мемлекетте Президент сайлауын өткізуге келіскенде ғана ымыраны қабылдауы ықтимал. Сонымен қатар, Путин Батыстан Украинаны НАТО-ға қабылдамауды және Украина жеріне шетел әскерін шоғырландырмауды да талап етуі мүмкін.
Арыстан Рысбек