"Қазақ әйелдері тездетіп кемпір болуға асыққан": Танымал тарихшы өз немересінен қашатын әйелдерге тиісті

Қосшы

Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Асанова қазақ әйелдері туралы күтпеген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тарихшы өз ойын QalamHistory YouTube арнасында баяндап берді.

«Қазақтың әйелдері тарихта ертерек қартаюға, ертерек «кемпір» мәртебесін алуға ұмтылған. Неге? Себебі, дәстүрлі қоғамда жасы егде тартқан әйелдердің мәртебесі жоғары болған. Немерелі болған кезде, ол «ауыра» бастаған, ол не айтқысы келеді, соны айтуға құқығы пайда бола бастаған. Әрине, ол жоғары мәртебе ғой.

Ал, енді келін болып түскенде ол ешкім емес еді. Ол өзін бәріне мойындатып барып, өзінің құтты орнын ала алады. Қартайғанда керісінше, біріншіден ол — үй шаруасынан босайды, ол тек бәріне тапсырма беріп, басқаратын болған. Бәрі оны тыңдайды, ешкім қарсы шықпайды.

Мен мысалы қазір жасым егде тартты, өзім ара-арасында айтып тұрамын: «Кемпір» болдым деп. Бірақ бәрі маған неге олай айтасыз деп ренжіп жатады. Бізде қазір иә «жас болып көріну» культі қалыптасқан. Оған жаппай еуропаланудың әсері бар деп ойлаймын.