Елде су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық нысан жөнделді.
Сондай-ақ су өткізу мүмкніндігін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылған. Республиканың 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.