0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Елде баспана бағасы да, пәтерді жалға алу құны да өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда жаңа тұрғын үй бағасы 4,8%-ға, қайталама нарықтағы пәтерлер 5,4%-ға қымбаттады. Ал пәтерлерді жалға алу өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл 12 пайызға өсті. Ең жоғары өсім Павлодар мен Көкшетауда тіркелді. Мұндағы баға 16, 15%.-ға көтерілген. Қайталама нарық бойынша, Атырауда -18,7%, Қонаев — 14,4%. Ал пәтерді жалға алу бойынша Талдықорғанда — 31,%, Астанада — 29%, Семейде – 22%- ға шарықтаған. Алматыда болса, жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 589 мың тг. Ал ең қолжетімді баға Оралда, шаршы метріне 284 мың тг.
Динара Жарқынбек