0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Талдықорған жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында қанаттыларға ұя жасап, орнатада бастады. Еріктілер ұяларды жасыл аймақтарда, саябақтарға орналастырды. Сондай ақ жастарға шеберлік сабағы өткізіліп, экожүйені қорғауда құстардың пайдасы туралы айтылды. Жалпы облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан 700-ден астам еріктінің қатысуымен 200-ге жуық акция өтті.
Шырай Саматқызы, «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің жетекшісі:
Біз жастар «Ыстық ұя» акциясы экожүйені сақтау мәселесі бойынша халықтың хабардарлығын арттырып қана қоймай, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Мұндай шаралар табиғатқа саналы көзқарас қалыптастырып, баршаға экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді деп сенеміз.
Қуаныш Қанатұлы