Астанада “судья ұсталды“: полиция пікір білдірді

Қосшы

Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйде көлік айдап ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан.

"Сараптама нәтижелері бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.

Астана сотының баспасөз қызметі іс материалдары сотқа түспегенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, судья ұсталмайды, өйткені ол үшін белгілі бір рәсімдер көзделген", — деп хабарлады Астана соты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget