Тарихи жетістік: қазақстандық теннисші ірі турнирде жартылай финалға өтті

Қосшы

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда Заңғар 13-нөмірлі ресейлік теннисші Тимофей Дерепасконы айқын басымдықпен жеңді.

Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама алу үшін ол болгариялық Иван Иванов және германиялық Максим Шонхауэс арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget