Astana Finance Days форумы басталды

Қосшы

Елордада Астана файнанс дэйс қаржылық форумы жұмысын бастады .

Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған іс-шараға қаржы, инвестиция, финтэк саласының белді сарапшылары, оның ішінде азулы брокер, банкир мен инноваторлар бар. Жылдың ең басты қаржылық форумына 70-тен астам елден 5 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Екі күнге созылатын іс-шарада 150-ден астам спикер сөз сөйлейді. Биыл Астана файнанс дэйс үш негізгі бағытты қамтымақ. Атап айтқанда, қаржылық, инфрақұрылымдық, және институционалды капитал тақырыптары қаузалады. Сарапшылар қаржы, қаржылық технология және тұрақты дамудағы жаңа мүмкіндіктер мен тың өнімдерді басқару тәсілдерін талқылайды.

ASTANA FINANCE DAYS 2025

5 000-НАН АСТАМ ҚАТЫСУШЫ

70-ТЕН АСТАМ МЕМЛЕКЕТ

150-ДЕН АСТАМ СПИКЕР

ASTANA FINANCE DAYS 2025

ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ КАПИТАЛ

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ КАПИТАЛ